Қытайда қазақ аудармашылары бас қосты - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады. 

***

Түркі ойындарының фестивалі - TRT

null

«Ерзурумда бірінші рет ұйымдастырылған Түркі ойындары фестивалі аяқталды. Фестивальде ұлттық садақ ату, көкпар және басқа да түрлі спорттық ойындар жұрттың ерекше ықыласына бөленді», - деп жазады Түркия Телевизия және Радио порталы.

Үш күнге созылған ойындардың соңғы күні Бүкіләлемдік Этноспорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоған да фестивальге келді. «Әлемдегі барлық мәдениетке ерекше құрмет көрсетуі керек. Түрлі мәдениеттің жасауына үлес қосуы қажет. Біз де ұлттық спорт түрлерінің қайтадан жандануын қалаймыз» деді Билал Ердоған.

***

Қытайда тұратын үш қандасымыз Азиада ойындарында бақ сынайды - «Жэньминь жибао»

Индонезия астанасы Джакартада өтетін ХVIII Жазғы Азия ойындарында Қытайда тұратын үш қандасымыз аталған елдің атынан сынға түседі. Бұл туралы  «Жэньминь жибао» басылымы мәлім етті.

Айталық еркін күрес түрінен 65 келі салмақ дәрежесінде Ерланбек Кәтейұлы сынға түседі. Ол осыдан төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Қытай құрамасының қатарында Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан.

Екінші қазақ спортшының есімі -  Уәлихан Серікұлы. Ол Джакартада грек-рим күресінен бақ сынайды. Уәлихан Серікұлы 59 келі салмақта Қытайдың ішкі біріншілігінде екі мәрте қола жүлдегер атанған. Ал үшінші қандасымыз - боксшы Тоқтарбек Таңатқанұлы. Ол Азия ойындарында 75 келі салмақта шаршы алаңға шығады.

 ***

Қытайда қазақ аудармашыларының жиыны өтті -  Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)


null 

Ақсай қазақ автономиялы ауданында қазақ тілді аудармашы мамандарының ғылыми-талқылау мәжілісі өтті, деп хабарлайдыҚытайдың «Орталық халық радиосы».

Қытай ұлттар аударма мекемесінің ұйымдастыруымен өткен ғылыми конференцияның  басты мақсаты - ұлттық ٴ аударма қызметін онан ٴәрі жақсарту,  жаңа атау-терминдерді жүйеге түсіріп, бекіту.

Ғылыми конференцияға Қытайдағы белгілі қазақ жазушылары мен зиялы қауым өкілдері қатысқан.

Жиын соңында, Қытай ұлттар аударма орталығы қазақ бөлімнің меңгерушісі Бақытбек Тоқтасынұлы Бейжіңдегі ұлттар баспасынан шыққан «Заң-ереже түсіндірме сөздігі» сондай-ақ, осы аударма орталығы зерттеп жасаған, мемлекеттік Патент құқығыненшілеген қазақша аударма компютерлік бағдарламасы таныстырылып, Ақсай қазақ автономиялық ауданнының әкімі Қалибек Сұлтанұлына тарту етілген.

  ***

Кахраманмарашта 14 мың жылдық олжа табылды - TRT

null

Кахраманмарашта бір үңгірде заманымыздан бұрынғы 14 мың жылға тән аю мен сусардың бас сүйектері табылды. Бұл туралы Түркия Телевизия және Радио порталы жазады.

Оникишубат ауданындағы Дирекли үңгірі көптеген археологиялық олжалар табылған орын. Бұл жерден 20017 жылынан бері жалғасып жатқан қазба жұмыстарында маңызды олжалар қолға түсті. Ең соңғы үңгірдің ішінде дөңгелек пішінді ерекше орын байқалған. Бұл жерде 14 мың жылдық болғаны межеленген аю мен сусардың бас сүйектері табылды.

11 жыл бойы жалғасқан қазба жұмыстарының 2019 жылы аяқталады деп  күтілуде.

***

Сахараның шұбырған түйелері- Тянь-Шань порталы

  null

Қытайдың Гансу өлкесіндегі «қоңыраулы құм» саяхат аймағындағы шұбырған түйелер керуені туристерді ерекше сезімге жетелейді.

Шөл-жазираны көркем-көрніске бөлеген сахара «кемелерінің» сызған суреттей әдемі бейнесін Тянь-Шань порталының фототілшісі нысанаға алыпты. Назарларыңызға осы фоторепортажды ұсынамыз.

nullnullnullnullnull

  

Соңғы жаңалықтар