Қытайда «Іле тұлпары» халықаралық мерекесі өтті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қытай жазушылар одағы қазақ ақынын мүшелікке қабылдады - «Іле газеті»

2018 жылы Қытай жазушылар одағы 524 жаңа мүшесін қабылдады. Бұлардың арасында  Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінен одаққа мүшелікке алынған 10 жазушы бар, деп жазады «Іле газеті» басылымы.null

«Биылғы жылы Шыңжаң өлкесінен Қытай жазушылар одағына мүшелікке 10 жазушы қабылданды. Оның  төртеуі Іле-Қазақ автономиялық облысынан шыққан  жазушылар.  Солардың бірі қазақ ұлтының азаматы, ақын Нұрболат Әбдіқадырұлы. Ол осы уақыттарға дейін Қытайдағы аз санды ұлттар жазушылар одағының және Шыңжан өлкесі жазушылар одағының мүшесі болған. 90-шы жылдардан бастап шабытты жырларымен шығармашылық ортаға қосылған. Шығармалары қытай тіліне аударылып,  қытай тіліндегі шығармалар арасындағы өткен халқаралық жыр мүшәйраларда жүлделі орындарға ие болған», - деп жазады «Іле газеті».

Аталған басылымның мәліметінше,  Нұрболат Әбдіқадырұлы - 1971 жылы ҚХР Іле-Қазақ автономиялық облысының Моңғолкүре ауданында туған. 1994  жылы Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтының «қытай тілі мен әдебиеті» факультетін бітірген. Ақынның «Жарыққа ғашық осы адам» (2001 ж), «Сәулем маған шөлдесе» (2004 ж), «Ауаға жазылған жыр» (2009 ж) секілді өлең жинақтары жарық көрген.Нұрболат Әбдіқадырұлы Қытайда шығатын «Іле кеші» газетінде әдеби редактор болып жұмыс атқарады.
null

Иранның ұшқышсыз ұшақтары мен артиллерия командасы Қазақстанға келді - «Фарс» ақпарат агенттігі

ИИР армиясы Әуе күштерінің ұшқышсыз ұшатын ұшақтар командасы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының артиллериялық командасы «Армия-2018» халықаралық сайысына қатысу үшін бейсенбі күні таңертең Қазақстанның Алматы әуежайына келіп жетті, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.null

«Халықаралық «Армия-2018» сайысы 1 тамыздан бастап он күн бойы Қазақстанның оңтүстігіндегі «Отар» 40-шы әскери базасында өтеді. Оған ИИР, Ресей, Армения, Әзербайжан, Беларусь және Қазақстан Қарулы күштері командалары қатысады. ИИР Елшілігінің әскери атташесі бірінші дәрежелі капитан Хосейн Харири «Армия-2018» халықаралық сайысы аясында Иранның мәдениеті мен өнерін және Қарулы күштерінің ерліктерін көрсететін мәдени көрме ұйымдастырылатынын айтты», - деп хабарлайды «Фарс» ақпарат агенттігі.

Қытайда «Іле тұлпары» халықаралық туризм мерекесі аталып өтті -Тяньшаньнет

 Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле Қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында  «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесі аталып өтті,  деп хабарлайды  «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы.

«Қазақ халқы қадірлеп, қастерлеген жылқы түлігіне арналып  дәстүрлі өтіп келе жатқан дүбірлі тойдың ашылуы, Тәңір тауының бауырайындағы  Моңғолкүре ауданының Қарағанты жайлауында басталды. «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесінің салтанатты ашылу рәсімінде «тұлпардың шабысы» атты жанды көрсетілім ұйымдастырылып, сахна алдынан мыңдаған сайгүлік шауып өтті.  Сонымен бірге, қазақ халқының ұлттық ойындары қызқуар, көкпар, теңге ілу, бәйге секілді жарыстар ұйымдастырылды. Аталған мереке тамыз айының соңғы күндеріне дейін жалғасатын болады. Осы мерекелік күндерде «Тұлпар және жаңа дәуір», «Моңғолкүренің дәмді тағамдары», «Моңғолкүренің әсем табиғаты», «Туған жердегі тұлпарлар дүбірі», «Тұлпармен кездесем» секілді 20- дан астам тақырыптағы мәдени, спорттық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, туристердің қызығушылығын арттырмақ», - деп жазады «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы.null

Айта кетсек, тарихтан бері текті тұлпарымен атағы шыққан Моңғолкүренің жылқы мәдениетінің тарихы ұзақ, тамыры тереңде. Іле жылқысын өсіру орталығы саналатын бұл ауданда 100 мың жылқы бар, мұның 90 пайызы Іле жылқысы, бұл Шынжаңдағы Іле жылқысының 60 пайызын құрайды. Сондықтан Моңғолкүре бүкіл Қытай елі бойынша жылқы саны ең көп және жылқы сапасы ең жақсы аудан есептеледі. Қытай ауыл шаруашылық министрлігі 2003 жылы Моңғолкүре ауданына «Қытайдың тұлпар мекені» деген атақ берген. Аудан 2009 жылдан бастап дәстүрлі «Іле тұлпары халықаралық туризм мерекесін» ұйымдастырып келеді.

nullnullnullnull

Баян-Өлгейге Үкіметтен көмек керуені келді - kaznews.mn

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында 14-18 шілдеде жауған нөсер жаңбырдың салдарынан болған селден зардап шеккен отбасылардың саны 929-ға жеткен. 300-ге жуық үй жарамсыз болып қалған, деп жазады KAZNEWS ақпараттық порталы.

«19  шілдеде Елдің Премьер-министрі У.Хүрэлсүх сел апаты болған Баян-Өлгей аймағына мемлекеттік қордан 80 киіз үй, су тасымалдайтын және медициналық автокөліктер, бульдозер жіберетінін айтқан. Ел Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша көмек керуені 25 шілдеде Өлгей қаласына келіп жетті. Үкіметтен келген көмекті азаматтар мен құзырлы ұйымдарға Моңғолия Парламентінің депутаты, Құрылыс, қала құрылымдарының министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы, аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлы, Төтенше жағдайлар бас басқармасының Төтенше жағдайдың алдын алу департаментінің басшысы, полковник Д.Батсайхан қатарлы лауазым иелері үлестірді», - KAZNEWS ақпараттық порталы.

null

Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы Бейжіңде өнер көрсетті - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытай астанасында әр екі жыл сайын өтіп отыратын Қытай халықаралық хор фестивалі шымылдығын ашты. Осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отырған аталған фестивальге Қазақстанның Алматы қаласындағы  Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы арнайы ұсыныспен қатысты, деп хабарлайды kazakcnr.com сайты.

Осы дереккөздің мәліметінше, XIV Қытай халқаралық  хор фестивалінің ерекше қонақтарының бірі, арнайы ұсыныспен шақырылған Қазақстанның Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы болған. Бұл хор ұжымын Қазақстан-Қытай достығының жарқын үлгісі, анық бейнесі деп атауға негіз бар. Қытайдың танымал халық композиторы Си Синхай (Xian Xinghai) Қазақстанда өткен жасын жылдарында қазақтың біртуар композиторы Бақытжан Байқадамовпен өмірде де, өнерде де айнымас дос болып өткен. Қос қайраткердің осы жақын жолдастығы екі елдің достығына алтын арқау, жақсы үлгі болғаны анық. Сондықтан халықаралық хор фестивальнің  аясында екі елдің танымалы өнер қайреткерлерінің достығын еске түсіріп, үлгі етіп насихаттауға арналған ерекше музыкалық кеш ұйымдастырылды.

 «Аталған өнер кешінде Бақытжан Байқадамов атындағы хор капелласы нағыз таланыттан қайнап шыққан жоғары деңгейдегі өнерімен Бейжің қаласының талғампаз көрермендерін ерекше әсерге бөлеп, таңдай қақтырды. 37 адамдық хор ұжымы Бақытжан Байқадамов шығармашылығындағы «Он алты қыз», «Қарлығаш», «Тау ішінде», «Керым-ау айдай», «Алқау», «Қоңырау» сияқты әндерді еш музыка аспабының сүйемелдеуінсіз жанды дауыспен нақышына келтіре орындады. Ал, Бейжің Лухы орта мектебінің хор ұжымы Қытайдың талантты композитор Си Синхайдың «Хуаңхы жыры», «Қызыл ту желбірейді» секілді әндерін саханаға шығарды. Осы өнер кешінің соңында Қазақстаннан арнайы шақырылған Бақытжан Байқадамовтың қызы  Балдырған Байқадамов пен Си Синхайдың немере қызы Гөмин саханаға бірге шықты», - деп жазады kazakcnr.com сайты.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері Бейімбет Демеуов, Қытай «Орталық халық радиосы» қазақ редакциясының тілшісі Гүлжан Зарқынбекқызына берген сұхбатында бұл мемлекеттік хор капелласының 1938 жылы құрылғанын, 80-жылдық тарихы бар өнер ұжымы екенін атап өткен. Сондай-ақ, Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы еш музыка аспабының сүйемелінсіз, тек сантүрлі дауысты құбылта салу арқылы көркем туындыны хор жанрына жанды түрде айналдыра білетін қазақстандағы бірден-бір хор ұжымы екен. 

 «Біз Қытай еліне екінші мәрте өнер сапарымен келіп тұрмыз, осыдан бұрын 2016 жылы жолымыз түскен. Биыл Си Синхай мен Бақытжан Байқадамовтың достығына арналған өнер кешіне және XIV Қытай халқаралық  хор фестиваліне шақырумен келдік. Алдағы күндері Қытайдың Шэньян, Ханчжоу, Гуанчжоу қалаларына ұсыныспен бармақшымыз», - дейді  Бейімбет Демеуов.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың таланытты композиторы Си Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуендер жазып қалдырған. 1940 жылдыӊ соӊына қарай Си Синхай Қытай компартиясыныӊ ОК бұйрығы бойынша Мәскеуге іс-сапарға жөнелтіледі. Соғыс басталып кеткендіктен ол еліне қайта алмай қалады. 1942 жылы Моӊғолия арқылы Қытайға кету жоспары орындалмағандықтан Алматыға келеді. Си Синхай Алматыда Бақытжан Байқадамовпен кездесіп, қиын күндерде оның көмегіне жүгінеді. Қытайдың көрнекті композиторына 1999 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданында көше аты беріліп, ескерткіш орнатылған.

nullnullnullnullnull

Қазақстан мен Қырғызстан арасында әскери ынтымақтастық - TRT

Қырғызстан мен Қазақстан әскери барлау саласында ынтымақтастықты қамтитын келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Қырғызстан Бас штаб басқармасы баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде, Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан арасында әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қырғызстан Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Райимберди Дуйшенбиев пен Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов қол қойды.  Келіссөз барысында тараптар Орталық Азия аймағындағы жағдайды талқылап, екі мемлекеттің бірлескен қарулы күштерін құру және бірлесіп қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасты.  Әскери делегациялар қатысқан жиналыста әскери және арнайы жасақтарды жаттықтыру, операция жоспарлау және әскери ынтымақтастықты әртүрлі салаларда арттыру туралы шешім қабылданды. Мәлімдемеде, Сәкен Жасұзақов Қырғызстанға ресми сапармен келген алғашқы Қазақстан Қорғаныс министрі екені атап көрсетілді», - деп жазады TRT.

null

 

Соңғы жаңалықтар