Қытайда халықты бустерлік вакциналау науқаны басталды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат –Қытайдың бірқатар провинциясында халықтың негізгі бөлігін бустерлік вакциналау шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайдың Аньхой, Фуцзянь, Хубэй, Хэйлунцзян провинцияларының бірқатар қаласында және Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында өткен демалыс күндері халықтың негізгі бөлігін қайтадан вакциналау науқаны басталды.
Фуцзянь провинциясының Цзиньцзян қаласында (Шығыс Қытай) халықтың осал топтарына COVID-19-ға қарсы препараттың үшінші дозасын салдырту 20 қазанға дейін аяқталуы тиіс. Аталмыш провинцияның тағы бір қаласы Сямэньде 12 жастан асқан азаматтар коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша дозаларын ала бастайды.


Соңғы жаңалықтар