+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қытайда халық саны 1,41 млрд адамнан асты

2021 жылғы 11 мамыр 12:14
Бөлісіңіз:
Қытайда халық саны 1,41 млрд адамнан асты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Құрлықтық Қытай тұрғындарының саны 1,41178 млрд адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының бүгінгі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020 жылы көбеюін жалғастырды» делінген таратылған баяндамада.

Қала тұрғындарының үлесі 901,99 млн адамға жетіп, ел тұрғындарының жалпы санының 63,89 пайызын құрады.

Елде 60 жас және одан асқандар үлесі 18,7 пайызды құрады, бұл 2010 жылы өткен халық санағындағы көрсеткіштен 5.44 пайыз жоғары.

Ер адамдардың әйелдерге арақатынасы 105,07:100 құраған.

Қытайдағы 7-ші жалпыұлттық халық санағына сәйкес, соңғы онжылдықта ел тұрғындарының саны орташа есеппен алғанда жылына 0,53 пайызға артып келеді.

Еске сала кетсек, Қытайда жетінші халық санағы 2020 жылдың қараша айында басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT