Қытайда газ құбыры жарылып 2 адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Синьхуа-ҚазАқпарат - 25 қаңтарда таңертең жергілікті уақытпен сағат 6 шамасында Қытайдың Ляонин провинциясындағы Далянь қаласында табиғи газ құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтемемен.

Агенттігінің мәліметінше, Далянь қаласының Цзиньчжоу ауданындағы бір тұрғын үй маңында екі рет жарылыс болған.

Алғашқы жарылыстан кейін оқиға орнында болған 10-ға жуық көлікке түрлі дәрежеде зақым келіп, кейбірі өртеніп кетті. Жақын маңда орналасқан көлік жөндеу шеберханасында өрт сөндіру қызметі жалынмен арпалысып жатқанда екінші жарылыс болды. Жарылыс құбырдан газдың шығуы салдарынан болған.

Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған.

Қазіргі уақытта жарақат алғандар ауруханада ем алып жатыр. Жергілікті мемлекеттік органдар мен полиция апаттың себебін анықтау үшін тергеу жұмысын жүргізуде.



Соңғы жаңалықтар