Қытайда ежелгі мазарды тонаумен айналысқан 29 адам ұсталды

None
None
ШАНХАЙ.Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың шығысында полицейлер көне мазарларды тонаумен айналысқан ірі қылмыстық топты тауып, ұрланған құнды дүниелерді қайтарды. Аталмыш іс бойынша 29 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Хуайнань қаласы (Аньхой шығыс провинциясы) Қоғамдық қауіпсіздік басқармасыың қызметкерлері қылмыскерлердің ізіне өткен жылы түскен. Тергеу ісі ұсталғандардың Шайқасушы патшалық дәуіріне (б.э.д. 475-221 жж) жататын қабірді үш рет тонағанын анықтады.

Қала полициясы басшысы Ли Аньлиньнің айтуынша, қылмыскерлер қорымнан 75 зат алып шыққан, олардың 26-сы мемлекет тарапынан қорғалатын жоғары деңгейлі мәдени құндылықтар қатарына енген. Тінту барысында күдіктілерден 40 келіге жуық жарылғыш зат пен 15 детонатор алынды.

Тоналған мазардың жалпы аумағы 5,8 мың кв.м. Ол 1981 жылы Аньхой провинциясының маңызды мәдени ескерткіштерінің тізіміне енген еді.


Соңғы жаңалықтар