Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тергеу амалдары аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайда есірткімен ұсталған 20 жастағы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақжарқынның Қазақстандағы қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов айтты.

Қорғаушы аталған тергеу жұмыстарының неге соншалықты ұзақ мерзімге созылғанын түсіндірді.

«Сотқа берілер кезде іс екі рет қайта тергеуге жіберілген екен. Менің ойымша, бұл халықаралық тұрғыдан даулы іс болғасын солай болды. Біз оның кінәсі жоқ екенін дәлелдедік. Қиындық ҚХР мен ҚР заңнамасындағы тілдік барьерлерде де болды. Алайда, біз қолымыздан келгенді жасап жатырмыз», - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, қазір қорғау тарабы ҚР СІМ ресми хат бағыттаған. Әзірге хатта не жазылғаны тергеу амалдарын жарияламау мақсатында айтылмай отыр. Қорғаушылар тек қана ҚР СІМ емес, өзге де органдармен қоян-қолтық жұмыс жасап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты.

Сол уақыттан бері Ақжарқын Қытайдағы уақытша тергеу изоляторында жатыр. Анасы қызын біреулер алдап кеткенін айтады.

Ақжарқынның құқығын Қытайда екі адвокат, Қазақстанда 1 адвокат қорғап жүр.

Соңғы жаңалықтар