Қытайда ел тарихындағы жетінші халық санағы басталды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда 1 қарашада жетінші халық санағы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық санағын жүргізуге жеті миллион мемлекеттік қызметші жұмылдырылған. Қазіргі науқанның жаңалығы – өзіңіз туралы ақпаратты қағаз бланкілерін толтырмай мобильді терминал арқылы жіберуге болатындығында.

2016 жылы «Бір отбасы – бір бала» саясатының тоқтағанына қарамастан, Қытайда туу деңгейі төмендеп, халықтың қартаю қарқыны өсуде. 2020 жылы Қытайда урбандалу деңгейі алғаш рет 60%-дан асты. 2010 жылы қала халқының үлесі 49,6% құрады. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бері 1953, 1964, 1982, 1990, 2000 және 2010 жылдары алты ұлттық халық санағы өткізілді.

ҚХР-дың алғашқы халық санағы 1953 жылдың шілдесінде өтті десек, ол кездегі жағдай бойынша ел халқының жалпы саны 602 миллионға жуық адамды құрағанын көрсетті. 2010 жылғы соңғы санақ кезінде қытай халқы шамамен 1,34 миллиард адамға жетті. VI халық санағының қорытындыларымен салыстырғанда он жыл ішінде ҚХР халқы 73,9 миллион адамға өскен.


Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар