Қытайда екінші ұшақ тасығыш кеменің құрылысы басталды

None
None
БЕЙЖІҢ. Қаз|Ақпарат - ҚХР-ның Цзянсу провинциясының Чанчжоу қаласында үкіметтің «Sina Weibo» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Shangshang Cable Group» компаниясының елдің екінші ұшақ тасығыш кемесінің құрылысы үшін жабдықтарды жеткізу тендерін жеңіп алғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы «Global Times» хабарлайды.

Мақала «Чанчжоудың кешкі жаңалықтары» сайтына көшіріліп басылған, бірақ біршама уақыттан кейін екі жарияланым да алынып тасталды. «Бұл Қытайдың өзінің екінші ұшақ тасығыш кемесін сала бастағаны туралы растайтын бірінші ақпарат. «Shangshang Cable Group» компаниясы сымдар мен кабельдерді өндіруден Қытайда 1-ші, әлемде 10-шы орын алады, ол «Ляонин» кемесінің құрылысына қатысқан», - деп жазады басылым. Әскери теңіз сарапшысы Ли Цзенің айтуынша, «аймақтық державаның әуе мен теңіз үстін бақылап отыруы үшін үш, әйтпесе кем дегенде екі ұшақ тасығыш кемесі болуы керек». Басқа әскери сарапшы Ли Сяоцзянь жабдықтарды жеткізу тендерінің өткізілгенін есепке ала отырып, жаңа ұшақ тасығыш кеменің сызбанұсқасы жасалғанына сенімді екенін білдірді. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Қытайда кеңестік «Варяг» ұшақ тасығышын жаңғырту жолымен «Ляонин» атты бірінші ұшақ тасығыш кемесі пайдаланыла бастады. Қытайлық тарап оны 2008 жылы Украинадан сатып алған.

Соңғы жаңалықтар