+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қытайда Димаш туралы анимацияны тамашалағандар саны 5 млн-нан асып кетті

2017 жылғы 11 ақпан 03:19
Бөлісіңіз:
Қытайда Димаш туралы анимацияны тамашалағандар саны 5 млн-нан асып кетті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда Димаш Құдайбергеннің жанкүйері әншіге арнап құмнан әдемі бейне салуға қатысты видеоролик түсірді. Ол бір аптаға жетпейтін уақыт ішінде 5 млн-нан астам рет көрілді, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

Powder animation деп аталатын құммен сурет салу техникасы көмегімен жасалған мультипликациялық фильмді қытайлық Weibo желісіне «MingzheSS» атты пайдаланушы 5 ақпан күні жүктеген. Роликке Singer байқауының үшінші кезеңінде Димаш Құдайбергеннің шырқаған «Show must go on» әні таңдалынып алынған.

11 ақпанда видеоны тамашалағандар саны 5 млн 230 мыңға жеткен.

Еске сала кетсек, қазақстандық Димаш Құдайберген Қытайда «Singer» байқауына қатысып жатыр. Астана уақытымен 11 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан байқаудың 4-кезеңі көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін акцентсіз айтып, үшінші орын иеленген болатын.
Байқаудың видеосын теледидардан көрген Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чан Димашпен кездесіп, өзінің эксклюзивті күртешесін сыйға тартып, соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT