+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қытайда COVID-19 вакцинасының 1 миллиардтан астам дозасы енгізілді

2021 жылғы 20 маусым 17:13
Бөлісіңіз:
Қытайда COVID-19 вакцинасының 1 миллиардтан астам дозасы енгізілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың 1 миллиардтан астам дозасы енгізілді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ashyq: Алматыда «көшбасшы» және «аутсайдер» кәсіпкерлер тізімі жарияланды Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті Алматы дәрігерлері реанимациядан видео түсіріп, халықты вакцина алуға шақырды

Тиісті ведомствоның мәліметінше, жексенбіде 31 провинция (автономды аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) және Шынжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирусқа қарсы вакциналардың 1 010 489 000 дозасы енгізілген.

Өткен тәулікте Қытайда Covid-19 жұқтырудың 23 жаңа расталған жағдайы тіркелді (барлық жағдайлар – сырттан әкелінген), өлім-жітім жоқ.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустан пациенттердің 94,38%-ы емделді. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 91 587 адамға жетті. Өлім деңгейі 5,06%-ды құрайды (4636 адам коронавирустан қайтыс болды).


Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT