Қытайда COVID-19-ға қарсы алғашқы аэрозольды вакцинаны қолдануға өтінім берілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда COVID-19-ға қарсы ингаляциялық вакцинаны шұғыл жағдайларда клиникалық қолдануға ҚХР азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасына өтінім берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

COVID-19-ға қарсы алғашқы ингаляциялық вакцинаны Қытай инженерлік академиясының академигі Чэнь Вэй Шанхайдағы инновация форумында ұсынды.

Қытай академигінің айтуынша, ингаляциялық вакцина инъекциялық аденовирустық векторлық вакцинаның бестен бір дозасын ғана керек етеді және оны сақтау, тасымалдау қажет емес.

«Егер вакцина ингалятор арқылы жұтылса, онда ол шырышты қабықтардың иммунитетін қалыптастыруға қабілетті. Антиденелер мен жасушалық иммунитеттің дамуымен бірге бұл денені коронавирустан қорғауға мүмкіндік береді», -дейді Чэнь Вэй.

Ол сондай-ақ 2020 жылдың тамызында Қытайда инъекциясыз вакцинаны зерттеу нәтижелері алғаш рет жарияланғанын және сол жылдың қыркүйегінде Ухань қаласында оның клиникалық сынақтан өткенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар