Қытайда COVID-19-ға қарсы 300 млн доза вакцина егілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда жаңа коронавирус инфекциясына қарсы 300 млн доза вакцина егілді. Бұл туралы сенбі күні ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бейінді ведомствоның дерегінше, 2021 жылдың 7 мамырындағы жағдай бойынша 31 провинция (автономиялық аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) мен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында барлығы коронавирусқа қарсы вакцинаның 308 226 000 дозасы егілді.

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырудың 7 жаңа шетелден келген оқиғасы анықталды, қайтыс болғандар жоқ.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырған 94,56% науқас жазылып шыққан. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші – 5,1% (коронавирустан 4 636 адам қайтыс болды).


Соңғы жаңалықтар