Қытайда бір тәулікте коронавирустан тағы 43 адам ажал құшты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда өткен тәулікте 2019-nCov коронавирусының жаңа түрінен 43 адам қаза тауып, 1982 адам жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитет хабарламасына сілтеме жасап.

43 жағдайдың 42-сі жаңа титпті коронавирустың ошағына айналған Хубэй провинциясында (Уханда – 30 адам қайтыс болған) тіркелген. Хубэй провинциясынан бөлек тағы бір адам Ресеймен шекараласатын Хэйлунцзян провинциясында көз жұмған.

Соңғы дерек бойынша, Қытайда 9692 адам коронавирус жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 213 адам. 171 адам ауруханадан емделіп шықты. Қытайда 15 мыңнан астам адамның ауру белгілері коронавирусқа ұқсайды, алайда олардың диагноздары расталмаған. 100 мыңнан астам адам карантинде.


Соңғы жаңалықтар