Қытайда бір тәулікте екінші рет жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 7 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 21:44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тербеліс ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 435 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10,9.
MPV магнитудасы – 4,8.
Тереңдігі - 30 км.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.


Соңғы жаңалықтар