Қытайда белгісіз пневмонияға шалдыққандар саны 59 адамға жетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Орталық Қытай) белгісіз пневмонияға шалдыққандар саны 59 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат денсаулық сақтау ісі жөніндегі қалалық комитетке сілтеме жасап.

«2020 жылдың 5 қаңтары сағат 8:00-дегі жағдай бойынша қаламызда белгісіз вирустық пневмонияға шалдыққан 59 жағдай анықталды. Жеті адамның ахуалы ауыр, қалған науқастардың жағдай тұрақты. Ешкім қайтыс болған жоқ», - делінген жергілікті денсаулық сақтау органының хабарламасында.

Қазіргі уақытта барлық науқастар Ухань қаласындағы медициналық мекемеде емделіп жатыр. Аурулармен тығыз қарым-қатынаста болған 163 адам бақылауға алынды.

Авторы: Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар