Қытайда балық аулайтын кеме аударылып, 11 адам мерт болды

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында Боху көлінде балық аулайтын кеме аударылып, суға батып кетті. 11 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, тағы үш балықшы құтқарылған.

Боху көліндег қайғылы оқиға кезінде кеме бортында Сусун уезінің 14 тұрғыны болған.

Полиция мен жергілікті төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаза тапқандардың мәйітін іздеу жұмысын аяқтады. Оқиғаның жай-жапсарын тексеру үшін тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар