Қытайда балабақшада жүрген 11 бүлдіршінді пышақтап кетті
2017 жылғы 4 қаңтар 17:57

Қытайда балабақшада жүрген 11 бүлдіршінді пышақтап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Пинсян қаласында (ҚХР-дың Гуанси-Чжуан автономдық өлкесінде) 4 қаңтар күні қайғылы оқиға орын алды. Белгісіз ер адам балабақша аумағына кіріп келіп, бүлдіршіндерге пышақ ала ұмтылған.

Шабуыл салдарынан 11 бала зардап шекті. Қаскүнемді полиция ұстады, деп хабарлайды ТАСС Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасап. Жарақат алған барлық балалар ауруханаға жеткізілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу басталды.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT