Қытайда айтыскерлерге арналған ақындық курс басталды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Иран командасы Әскери Ойындарды ұйымдастырған Қазақстанға алғыс айтты - «Фарс» ақпарат агенттігі

null

Қазақстанның оңтүстігіндегі «Отар» әскери полигонында «Халықаралық Әскери Ойындар-2018» рәсімінің ашылу салтанаты осы елдің Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен өткені белгілі. Шарада Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Венесуэла, Зимбабве, Қырғызстан, Қытай, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан мен Беларусь елдерінің 12 командасынан құралған 88 адам сайысқа түсті деп жазады Parstoday ақпарат агенттігі.

Бұл халықаралық шарада ИИР Армиясының ұшқышсыз басқарылатын топтары мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының жауынгерлері сайысқа түсті. Сондай-ақ, бұл шарада Қазақстан Қорғаныс министрінің Иран армиясының ұшқышсыз ұшақ командасының мүшелерімен кездескені туралы хабарлайды ирандық БАҚ.

«Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов халықаралық әскери жарыстың үшінші күні ұшқышсыз ұшақтар сайысы өтіп жатқан жерге келіп, Иран командасының ұшу құралдарын көріп, Иран армиясының команда мүшелерімен кездесіп, сұхбаттасып, оларға жарыста сәттілік тіледі» дейді «Фарс» ақпарат агенттігі.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, жарысқа қатысуға келген Иран командасының жетекшісі Ахмад Ахмади бұл кездесуде ирандық ұшқышсыз ұшақтардың ерекшеліктері жайлы есеп беріп, "АрМИ-2018" халықаралық әскери жарысын ұйымдастырған Қазақстанға алғыс айтты. ИИР армиясының ұшқышсыз ұшақ командасы сайысқа толығымен жергілікті білім негізінде жобаланып, жасалған "Сафир" атты ұшқышсыз ұшақпен қатысты деп түйіндейді parstoday.com.

Немрут тауы әлемнің әр түкпірінен келген туристерді баурап алды - TRT

null

Түркиядағы Немрут тауы «Күннің шығуы және батуын тамашалауға ең қолайлы жер» атағына ие болған, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Адыяманның Кахта ауданындағы Немрут тауы «Күннің шығуын және батуын тамашалауға ең ыңғайлы жер» атағына ие. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның әлемдік тізіміне енген Немрут тауына деген қызығушылық күн сайын артуда.

Оңтүстік шығыс Анадолының туристік орындарының бірі - Адыямандағы Немрут тауы жергілікті ғана емес, әлемнің әр түкпірінен келетін туристерді өзіне айырықша баураған. Айта кеткен жөн, бұл тау тарихтағы ең байырғы елді мекендердің бірі саналады екен.

«Ұлттық парк алаңы ретінде қорғауға алынған аймақта керемет тарихи еңбектермен қатар 2 мың 150 метр биіктіктегі Немрут тауына Германия, Америка Құрама Штаттары, Израиль, Армения және Жапония сынды елдермен қатар Түркияның төрт бұрышынан күн сайын кем дегенде 2 мың турист келуде» деп жазады түркиялық БАҚ.

Қытайда айтыскерлерге арналған ақындық курс басталды - Тяньшаньнет 

Ақындар айтысы сынды материалдық емес мәдени мұраны қорғау, ардақтау, ақындар айтысының мұрагерлерін баулу, тәрбиелеуді мақсат еткен Іле Қазақ автонмиялық облысының танымал ақындарына арналған курс 25 шілде күні «Ақындар мекені» деп аталған Қытайдың Шіңгіл ауданында басталды.

Айта кеткен жөн, Шіңгіл ауданының «Ақындар мекені» аталуының өзіндік себебі бар. Бұл ауданда санаулы жыл бұрын өмірден өткен, Қытай қазақтары арасында айтыскерлік өнердің көш бастаушысы болған әйгілі айтыскер ақын Құрманбек Зейтінғазы ұлынан бастап, көптеген жыр саңлақтары күллі елге танылған болатын. Бейресми деректер бойынша Шіңгіл ауданынан аймақ, облыс қана емес, бүкіл Шыңжан өлкелік дәрежелі айтыстарға қатысып жүрген ақындардың саны 40-тан астам екен. Соның құрметіне аталған ауданнан бір ауылға «Ақындар мекені» деген атақ берген көрінеді.

Бұл жолғы курсқа Шынжаң көркемөнер зерттеу орталығы, Іле Қазақ облыстық мәдениет-көркемөнер зерттеу орталығы, Алтай аймақтық мәдениет сарайы сынды өнер ордаларынан келген 12 оқымысты маман, Алтай аймағының аудан-қалаларынан таңдалған 31 үздік ақын, сабақ беретін оқытушылар қатынасты. Сабақ бастаудың салтанатты шарасын Шіңгіл аудандық мәдениет, дене тәрбиесі мекемесі партгруппасының хатшысы Яу Рынуын басқарды.

null

Аудандық парткомның тұрақты мүшесі Мұрат Мүтәрұлы сөз сөйлеп, бұл курстың мән-маңызы туралы тоқталып, курсанттарға ақындықты жақсылап игеріп, сабақты мұқият тыңдап, өздерін үзбей шыңдап, айтыс мұрасын жалғайтын үздік ақындар ұйымын құруға құлшынуларын талап етті. Ол сөзінде айтыс ақындарына мемлекеттік бағыт-саясаттарымен халықты сусындатып, ұлттық мәдениет алдындағы борышын адал атқаруға шақырған деп жазады қытайлық БАҚ.

«Бұл курстың мақсаты - заманауи өркениетті жетекші етіп, озық ұлттық мәдениетті қорғау, оған мұрагерлік ету, дамыту, саясатты дәріптейтін, тәртіпке бағынатын, қағиданы түсінетін мәдениет таратушылардан болу. Курсқа Шіңгіл ауданынан 15 ақын қатынасты, мұндағы мақсат - ауданымыздың мәдениет дарындыларын баулу», - дейді бұл жолғы курстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, денетәрбие мекемесі партгруппасының хатшысы Яу Рынуын.

null

Айта кету керек, бірнеше рет халықаралық айтысқа түсіп, жүлделер алып, қазақстандықтарға да танылып үлгерген аталған ауданның тумалары, танымал айтыскерлер Жамиға Дәулетқызы мен Ұларбек Минатқанұлы да бұл жолғы курсқа қатысып жатыр.

Әуесқой суретші 10 жыл салған суретін көрермендерге ұсынды - Тяньшаньнет

null

Шілде айының соңғы күндері Хыбей өлкелік мұражайында әусқой суретші Яу Шулұң өзі еліктеп сызған қабырға суретін көрермендерге таныстырды. Бұл туралы осы аптада kazakh.ts.cn ақпараттық порталы хабарлаған болатын.

null

Халық арасынан шыққан әуесқой суретші Яу Шулұң бала күнінде әкесіне еріп, Хыбей өлкесі Шыжияжуаң қаласындағы Пилу бұтханасын тамашалайды. Сол кезден-ақ Пилу бұтханасындағы қабырға суретке қатты қызыққан ол 2006 жылдан бастап осы суретті сала бастаған. 10 жыл зер сала құлшыну арқылы 200 шаршы метрлік қабырға суретті бұрынғы салыстырмасы бойынша қайтадан қағазға сызып шыққан.

null

Тибеттегі ат бәйгесі - Тяньшаньнет 

null

29 шілде күні Тибеттің Али ауданы Шы Чуанхы қалашығында тибеттер арасында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті. «Хада ілу», «шай ілу», «ат үстінде садақ ату», «ат өнері ойыны» сияқты ат үстіндегі әртүрлі спорттық жарыстар өткен.

null

«Аталған шарада 150 шабандоз бағын сынап, ат спортын 20 мыңнан астам көрермен тамашалады» деп жазады kazakh.ts.cn.

null

Соңғы жаңалықтар