Қытайда айналатын карусель құлап кетіп, 16 адам жарақат алды

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа – ҚазАқпарат - Қытайдың Хунань провинциясындағы саябақта құлаған карусель 16 адамды жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

13 ақпанда Қытайдың Хунань провинциясы Шаоян округіндегі ауылдық ойын алаңында ірі апат болды. «Биікте ұшу» деп аталатын айналма карусельдің орындықтары арқанынан үзіліп кетіп, жерге құлаған.

Апаттан 16 адам зардап шекті, оның ішінде 3 адам ауыр жарақат алды.

Оқыс оқиғадан кейін ойын алаңы жабылды. Қазір жергілікті полиция апаттың себептерін анықтауға кірісті.


Соңғы жаңалықтар