Қытайда әртістер мінген автобус жартастан құлап, 20 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясында жергілікті опера труппасы жалға алған автобус жартастан құлап, 20 адам қаза тапты, түрлі жарақаттар алған тағы 13 адам ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Полиция көлік апатының мән-жайларын анықтау үстінде.

Өкінішке қарай, Қытайда осындай апаттар жиі болып тұрады. Алдыңғы жылы Хэнань провинциясында ішінде 47 жолаушы отырған автобус шатқалға аударылды. Онда алты адам мерт болып, тағы 38 адам жарақаттанған.

Ал өткен жылы Шанхай-Куньмин күре жолында автобус өртенгіш сұйықтық құйылған фургонмен соқтығысып, жарылды. Бұл қайғылы оқиға салдарынан 40-қа жуық адам ажал құшты.

Айта кетейік, биыл Чжэцзян провинциясында егде жастағы қытайлық азамат аялдамада тоқтамай өткен автобус жүргізушісіне граната лақтырған. Абырой болғанда, жарылыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар