Қытайда Ардагерлер ісі жөніндегі министрлік құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 16 сәуірден бастап Ардагерлер ісі жөніндегі министрлік ресми түрде жұмысын бастады. Бұл ведомство партиялық және мемлекеттік органдардағы ауқымды реформалар аясында құрылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік міндеттердің нақты аясында ардагерлерді қорғауды басқарудың орталықтандырылған, бірыңғай жүйесін құру және жетілдіру бойынша жұмыс істейтін болады», - деді жаңа ведомствоның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Сунь Чуньлань.

Оның айтуынша, министрлік ардагерлердің азаматтық өмірдегі конструктивті рөлін анықтауды және қорғаныс пен армия құрылысына жас мамандарды көбірек тартуды ынталандыруға бағытталған.

Сун Чуньлань жаңа министрлікті ардагерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар, әскери қызмет қоғам құрметіне лайықты кәсіптердің біріне айналуы тиістігіне, ал ардагерлер өздерін бақытты сезінуі қажеттігіне назар аудартты.

Жаңа министрлік әскерден қайтқан адамдарға саяси нұсқаулық пен ережелер әзірлеп, оны жүзеге асыруға, сонымен бірге оларды қайтадан жұмысқа орналастырып, кәсіби тұрғыда дайындауға жауап беретін болады.

Соңғы жаңалықтар