Қытайда Ақжарқын Тұрлыбай сияқты ұсталған бір азамат ату жазасына кесілді - елші Нұрышев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаxрат Нұрышев сол жақта сотталған қазақстандықтарды қайтару жұмысы бойынша баяндап, Ақжарқын Тұрлыбайдың кезекті сотына тоқталды.

 Оның сөзіне қарағанда, Қытайда осы іспетті қылмыс үшін сотталған бір шетел азаматын ату жазасына кесті. Қазақстан ондай жазаға жол бермеуге тырысады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елшінің айтуынша, өткен жылы екі елді арасында сотталған азаматтарды қайтару бойынша арнайы xаттамаға қол қойылған болатын. Соның негізінде тамыз айынан бастап Қытайда сотталған 12 Қазақстан азаматы елге қайтарылып, жазаларын өз жерінде өтеп жүр. "Дәл қазір тағы 12 адамды қайтару бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр. Олар сан алуан қылмыстар үшін сотталған. Ішінде өмір бақи бас бостандығынан айырылғандар бар. Бұдан бөлек, үш қазақстандықтың жазаны өтеу мерзімі 2016-2017 жылдары аяқталады. Сондай-ақ үш адам соттың шешімін оқшаулағышта күтіп жүр. Олардың ішінде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай да бар", - деді Ш.Нұрышев.

Елшінің сөзіне қарағанда, ертең, қарашаның 2-сі күні А.Тұрлыбай бойынша кезекті рет сот отырысы өтеді. "Ақжарқын Тұрлыбай бойынша бір рет сот шешімінің шыққанын жақсы білеміз. Сол кезде оны өмір бақи қытайдың түрмесіне отырғызу шешімі шығарылған болатын. Бірақ сыртқы істер министрлігінің жұмысы бар, бас прокуратураның жұмысы бар, елшіліктің жұмысы арқасында біз сол сот шешімін қайта қарауға қол жеткіздік. Тура сондай қылмыс үшін жақында ғана біздің көршілес бір мемлекеттің азаматын өлім жазасына кескен болатын. Ол кісі атылып кетті...Сондықтан біз өз тарапымыздан бар күш-жігерімізді салып, біздің әрбір азаматымыз үшін, оның тағдыры үшін, өмірі үшін күшімізді аямай, еңбектеніп, оларды Қазақстанға қайтаруға бар күшімізді салудамыз", - деп атап көрсетті Ш.Нұрышев.

Соңғы жаңалықтар