Қытайда АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11-лер шамасында Қытайдағы АҚШ елшілігі ғимаратының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Жарылыстың болғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Оқиға жайында әртүрлі мәліметтер тарауда. Кейбір куәгерлердің айтуынша, Чаоян ауданының Тяньцзылу және Аньцзялоу көшелерінің қиылысында тұрған ер адамның қолында петардаға немесе от шашатын затқа ұқсайтын құрал болған. Ол Қытай Халық Республикасының Ішкі Моңғолия Автономдық ауданына қарасты Тунляо қаласының 26 жастағы Цзян Моумоу есімді тұрғыны болып шықты. Цзян Моумоудың қолы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген.

Басқа зардап шеккен адамдар жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәл осы уақытта АҚШ елшілігі ғимараты маңында үстіне бензин төгіп, өзін-өзі өртемекші болған әйел адам ұсталды.

Соңғы жаңалықтар