Қытайда 900 жыл бұрын салынған ең ұзын ағаш көпір жанып кетті
2022 жылғы 7 тамыз 21:01

Қытайда 900 жыл бұрын салынған ең ұзын ағаш көпір жанып кетті

ФУЦЗЯНЬ. ҚазАқпарат –900 жылдан астам уақыт бұрын салынған Қытайдағы ең ұзын көпір – Ваньань өртке оранып, толығымен қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Көне көпір Фуцзянь провинциясындағы Пиннань уезінде орналасқан.

Өрт сенбі күні кешке басталған. Жексенбіде жалынды ауыздықтау мүмкін болды. Зардап шеккендер жоқ. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр.

Көпірдің жалпы ұзындығы – 98,2 метр, ені – 4,7 метр. Ол Сун династиясының (960-1279 гг.) билігі кезінде салынды. Көпірде бұған дейін – 1742 жылы өрт болған еді. Кейін ол жөнделді. 2006 жылы көпір ұлттық деңгейде қорғалуға жататын нысандар тізіміне енгізілді. Ол ағаштан жасалған Қытайдағы ең ұзын аркалы көпір болды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT