Қытайда 5 балдық жер сілкінісі болып, 3 адам қаза тапты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды аймағының Аксу округіндегі Байчэн уезінде болған жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған үй қиралды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да Шыңжан-Ұйғыр автономды аймағының Аксу округіндегі Байчэн уезінде жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, 65 үй бүлінді, олардың 16-сының шатыры қирады .

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала сәрсенбі күні таңертең, Бейжің уақытымен сағат 05:14-те болған. Жер сілкінісінің қуаттылығы – 5,4 балл. Ошағы 10 шақырым тереңдікте жатты. Бірінші жер сілкінісінен кейін қытайлық сейсмологтар тағы 10 жерасты дүмпуін тіркеген.

Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар