Қытайда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Қытай сейсмологиялық желілер орталығы мәлімдеген.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі 45,27 градус солтүстік ендік пен 124,71 градус шығыс бойлыққа тура келген, ал ошағы 13 км тереңде орналасқан.

Табиғи апат салдарынан Цзилинь провинциясындағы Сунъюань қаласының Нинцзян ауданында бірнеше ғимарат қираған.

Адам шығыны туралы әзірге мәлімет жоқ.
nullnull

Соңғы жаңалықтар