+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қытайда 4 сәуір коронавирус құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды

2020 жылғы 3 сәуір 08:50
Бөлісіңіз:
Қытайда 4 сәуір коронавирус құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда 4 сәуір жаңа коронавирус инфекциясы пандемиясынан көз жұмғандарды жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Мұндай шешімді ҚХР Мемлекеттік кеңесі қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Сенбі күні жергілікті уақыт бойыша сағат 10:00-ден бастап үш минут бойы Қытай халқы қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алады. Елде барлық тулар төмен түсіріліп, қоғамдық көңіл көтеру шаралары тоқтатылады. Сондай-ақ автокөліктер, пойыздар мен кемелердің дыбыс белгілерін береді, сиренаның даусы естіліп тұрады.

Өткен тәулікте Қытайдың құрлықтағы бөлігінде 4 адам коронавирустан көз жұмды, ауру жұқтырғандар саны 31 адамға артқан, тағы 163 адам емделіп шықты, деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Бұған дейін хабарлағандай, 1 сәуірден бастап Қытайдың медицина билігі елдегі коронавирустық жағдайдың күнделікті бюллетеніне ауру белгілері жоқ инфекциялар енгізе бастады.

«2020 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша Қытайдың құрлықтағы бөлігінде коронавирустың 60 ауру белгілері жоқ жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде 7-уі сырттан әкелінген. Қазіргі уақытта медициналық бақылауда 1027 ауру симптомдары жоқ науқас бар», - делінген жұма күні жарияланған ведомство бюллетенінде.

Соңғы ресии деректер бойынша, құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 81, 6 мың адамға жетті, олардың 76,5 мыңы сауығып шықса, 3322-сі көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT