+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қытайда 2022 жылғы Олимпиада ойындары медальдерінің дизайны ұсынылды

2021 жылғы 27 қазан 08:12
Бөлісіңіз:
Қытайда 2022 жылғы Олимпиада ойындары медальдерінің дизайны ұсынылды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті (Бейжің-2022) ойындардың жүлдегерлеріне тағылатын медальдер дизайнын ұсынды. Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің сайтында хабарланып отыр, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытай кеденінде жөнелтілетін ағаш арасынан ұзындығы 4 метрден асатын кобра табылды Қытайдың оңтүстік батысындағы тауда жоғалған 4 геолог өлі табылды Өзбекстандық ақын, депутат қандасымыздың жаңа кітабы жарық көрді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Медальдің басты бетінде олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, спорт шарасының ағылшын тіліндегі толық атауы – XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 деп жазылған, сондай-ақ бұлт және қар ұшқындарыме өрнектелген.

Медаль бетінен аспан, жер және адам арасындағы үйлесімдікті бейнелейтін қытайлық дәстүрлі философияны білдірген бес шоғырлас сақинаны көруге болады.
Реверсінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың эмблемасы мен ойындардың қытай тіліндегі атауы бар. Эмблеманың жан жағындағы сақиналарда есеп бойынша 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 24 нүкте ойылған.
«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті сондай-ақ Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін наградалар дизайнын да ұсынған.
Еске сала кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан күндері Бейжің қаласында өтеді.

Авторы Руслан Сүлейменов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT