Қытайда 11 жұмыскер опырылып құлаған ғимараттың астында қалып қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық бөлігіндегі Чэнчжоу қаласындағы көлік жөндеу шеберханасының салынып жатқан ғимаратының опырылып құлауы салдарынан он бір жұмыскер үйіндінің астында қалып қойды.

Ғимараттың шатыры мен құрылыс ағаштары құлады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС. Жарақаттанған бес адам үйіндінің астынан шығарылып, ауруханаға жіберілді. Құрылыс орнындағы құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

Бұл Қытайда соңғы күндері орын алған үшінші күрделі апат. Бұған дейін Шанхайда жаңа жыл кезінде адамдар арасында жаншылып қалған 36 адам көз жұмып, 50-ге жуығы зардап шеккен болатын. Қайғылы оқиға қаладағы туристер көп жиналатын жер болып табылатын Вайтаннің жағалауында орын алды. Ал жұма, 2 қаңтар күні елдің солтүстік-шығысындағы Харбиндегі өрт кезінде үш өрт сөндіруші қаза тауып, тағы 11-і жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар