Қытайда 11 кенші су басқан шахтада қамалып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 11 кенші көмір шахтасын су басуы салдарынан шыға алмай отыр, деп хабарлайды CNTV телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға 22 мамыр күні түнде Тайюань қалалық округі Цинсюй уезіндегі шахталардың бірінде болған. Құтқарушылар тек төрт жұмысшымен байланыс орната алған.

Кеншілерді құтқару ісі жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар