кеше 17:06 «Самұрық-Қазына» қытай компаниясымен бірге Жамбылда жел электр стансасын салады АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» мен қытайлық CPIH Жамбыл облысында жел электр стансасын салмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07.06.2023 10:40 Былтыр Қытайдан келген тауарлардан бюджетке түскен төлемдер 60 пайызға артық болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр Қытайдан келген тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлем мен салық түсті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 10:55 Премьер-Министр Қытайға бидай экспорты туралы: Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында астық экспорты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 14:20 Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөлдің мәртебесін қалпына келтіру ісі қолға алынады – министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат – Көпшілік талқыға шығарған Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында шекара маңындағы аудандардың әкімшілік-аумақтық маңыздылығын арттыруға басымдық берілетіні жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 12:30 Қытаймен шекаралас аудандардағы халықтың тығыздығы ел бойынша орташа деңгейден төмен АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Қытаймен шекаралас аудандары олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен едәуір артта қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 08:34 Қытайдың оңтүстік-батысында тау опырылып, 19 адам қаза тапты БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лешань қаласында тау опырылып, салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 17:10 Транскаспий бағыты Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштасады - Президент АСТАНА. ҚазАқпарат - Транскаспий бағыты Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
29.05.2023 17:08 Қазақстанда жер сатылады: Қытай сайтындағы бұл хабарландыру арандатушылық болуы мүмкін - Смадияров АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытай сайттарындағы «Қазақстанда жер сатылады» деген жарнама арандатушылық болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 16:52 Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан енгізіледі – СІМ жауабы АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан басталуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 09:20 Қытай 30 мамырда орбитаға «Шэньчжоу-16» миссиясын ұшырады БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Ертең ҚХР бірінші Қытай ғарыш станциясынан «Шэньчжоу-16» кемесін ұшырады. Бұл туралы бүгін Қытайдың басқарылатын ғарыштық ұшу бағдарламасы басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 01:16 Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай астанасында Қазақстан Республикасы ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сайтына сілтеме жасап.
26.05.2023 14:59 Алматыдан 413 км қашықтықта жер сілкінді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 14:07-де Қытай аймағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмикалық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция ақпаратына сілтеме жасап.
25.05.2023 08:48 Қазақстан-Қытай халықаралық жүк автотасымалы ынтымақтастығына тың серпін беріледі АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай халықаралық жүк автотасымалы ынтымақтастығына тың серпін беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
24.05.2023 12:16 Президент Телерадиокешені делегациясы «Қытай – Орталық Азия» форумына қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат – Бейжіңде 23 мамырда «Синьхуа» ақпарат агенттігінің бастамасымен өткен форумға Орталық Азия – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің БАҚ өкілдері келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.05.2023 14:44 Бейжің метросында жолақыны алақанмен төлеу жобасы іске қосылды БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА - ҚазАқпарат - Бейжің метросында жолаушыларға жол жүру картасын басудың немесе QR-кодты сканерлеудің қажеті жоқ. Енді олар төлемді алақанды сканерлеу арқылы жасай алады. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
22.05.2023 13:15 Биыл отандық 70 компания Alibaba платформасына шығарылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл тағы 70 отандық компания Alibaba платформасына шығарылады. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 15:33 Фейк: Қазақстанның жерлері қытайлық сайттарда сатылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook-те Қытайдың интернет-алаңдарында қазақстандық ауыл шаруашылығы алқаптары ашық сатылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.05.2023 13:54 Президенттің Қытайға сапары туралы фильм бүгін телеарналардан көрсетіледі АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары туралы деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.05.2023 12:08 Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сайтына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.
19.05.2023 22:37 Президенттің Қытайдағы үшкүндік мемлекеттік сапарының негізгі нәтижелері СИАНЬ. ҚазАқпарат – Үшкүндік мемлекеттік сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, ірі кәсіпорын басшыларының басын қосқан жиындарға, «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты. ҚазАқпарат сол кездесулер мен келіссөздерде, маңызды басқосуларда қандай уағдаластықтар жасалғанына шолу ұсынады.