Қытай және Ресей операторларына Атырау облысының туристік бағдарлары таныстырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қытай және Ресей туроператорлары Атырау облысында болды.

Олардың мақсаттары ЭКСПО-2017 көрмесі аясында туристер баратын жерлердің реестріне кірген облыстың туристік бағдарларымен танысу болды. Бұл бағдарлар «Recommended by EXPO» белгісімен белгіленеді.

Қазіргі таңда ҚР аумағында және соның ішінде Атырау облысында жаңа бағдарлар жасалып жатыр, ал бар бағдарлар жақсартылу үстінде.

Туроператорларға Жайық өзенінің қорық аумағы көрсетіліп, қала ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар Сарайшық қалашығындағы музейді аралады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар