Қытай және неміс зерттеушілері 2000 жылдық араб жылқыларының жартастағы суреттерін тапты
2017 жылғы 4 қаңтар 16:28

Қытай және неміс зерттеушілері 2000 жылдық араб жылқыларының жартастағы суреттерін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай және Германия зерттеушілері Қытайдың шығысындағы Ішкі Моңғолия автономдық ауданының аумағындағы Иньшань тауында 2000 жылдық араб жылқыларының жартастағы суреттерін тапты.

Бұл туралы Синьхуа Ішкі Моңғолия педагогикалық университетіне сілтеме жасап хабарлады.

Институт басшысы У Цзяцай солтүстік Қытай өңірінде жартастан екі ел мамандарының ұзындығы 42 см және биікті 17 см оннан астам тізілген жылқылардың суреттерін тапқанын хабарлады.

Мамандардың пікірінше, 2000 жылдық таза араб жылқыларының Моңғол даласында пайда болуы Батыс Азия мен Солтүстік Африка тұрғындарының ғұндармен сауда-саттық қатынасы болғанының дәлелі.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT