Қытай визасына қатысты БАҚ-тағы ақпараттың жартысы дәлелсіз - Бас консул

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Чжан Вэй туристер үшін Қытай визасын алу қиындағандығы туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Визаға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жатқан мәселелер біздің назарымызды аудартты. Жазылған мақалалардың жартысы шынайы ақпаратқа сәйкес келмейді. Объективті дәлелдер жоқ. Көбісі ойдан шығарылған. Бас консулдық, Елшілік ретінде өз құзыретіміздегі мүмкіндіктеріміз бойынша ғана виза береміз. Визаны белгіленген тәртіп бойынша береміз. Ол саясатты біз жасаған жоқпыз. Қазақстан туристері үшін виза рәсімдеуді жеңілдетуге барынша күш салатын боламыз. Ол біздің жұмысымыздың бір бағыты. Өзіміздің министрлікке бұл мәселе бойынша ұсынысымыз бен кеңесімізді жолдадық», - деді Бас консул. 

Чжан Вэй виза алуды жеңілдету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті.  

«Бүгінгі күні Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы дамып, түрлі салада кеңейіп келеді. Бас консулдық визалық қолдау ережелері мен саясаты аясында екі ел азаматтарының қатынасы жайлы болуы үшін виза рәсімдеуге барынша көмектесіп келеді. Біз қабылдау күндерін, уақытын, кадрлар санын көбейту, қосымша қабылдау терезелері мен ішкі процестерді оңтайландыру секілді шараларды іске асырып жатырмыз. Виза алуға өтініш білдіргендер ішінде қарт адамдар мен жерлеу рәсіміне кетіп бара жатқан адамдардың құжаттарын бірінші кезекте рәсімдеу үшін «жасыл дәліз» аштық. Телефон кеңесін іске қостық. Қытайдың шетел азаматтары үшін жасалған виза саясаты өзгерген жоқ», - деп сөзін қорытындылады Чжан Вэй.

Айта кетейік, қазақстандық жекелеген БАҚ-та 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап Қытай туристік визаны беруге шектеу қоятындығы туралы ақпарат тараған болатын. 

Соңғы жаңалықтар