Қытай тұрғындары Мешін жылын қарсы алуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қытай жұрты Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл - Мешін жылын қарсы алып жатыр.

Қытай қалаларының көшелерінде адамдар кештен бастап түні бойы салюттар мен отшашулар атып, мерекені қуанышпен тойлау үстінде. Сенім бойынша, Жаңа жыл мерекесін осылай өткізу жын-перілерді қуып, ел тұрғындарына алдағы жылды бақытты өткізетіндеріне үміт сыйлайды.

Қытайда «Чуньцзе» деп аталатын көктем мерекесін ел тұрғындары дәстүрлі түрде отбасымен, жақындарымен тойлайды. Жаңа жылдың алғашқы бірнеше күнін міндетті түрде туыстармен өткізу қажет. Аптаға созылатын тойлау кезінде үстел басындағы дәстүрлі отырыстар болады - ас мәзірінде міндетті тағам - тұшпараны бүкіл отбасы болып әзірлейді, деп жазады ТАСС.

Соңғы жаңалықтар