Қытай телеарнасы Қазақстан туралы деректі фильм түсірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайдың CCTV6 орталық телеарнасының түсірілім тобы Қазақстанда 14 күн болып қайтты. Еліміздің табиғаты мен экономикалық дамуынан хабардар ететін жаңа туынды Қытай елінің орталық телеарнасынан 2015 жылдың наурызынан бастап көрсетілетін болады. Бұл туралы Туризм индустриясы ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жеңісбек айтты.

China Movie Chanel өкілдерінің айтуынша, фильм бес эпизодтан тұрады. Әр бөлімнің ұзақтығы 20 минутқа созылады. Бұл бөлімдер «ЭКСПО-2017», Қазақстан талғамы, Ұлы Жібек жолымен, Қазақстан халқы, кадр сыртындағы дүние тақырыбына арналған.

Қытайдың түсірілім командасын деректі фильмдер режиссері Нино Ванг бастап келді. Қытайлықтар Қазақстанның 7 қаласындағы және Алматы облысындағы мәдени-тарихи нысандарда болып қайтты.

Нино Ванг осы уакытқа дейін әлемнің 40 елі туралы деректі фильм түсірген. Туризм индустриясы ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жеңісбектің айтуынша, бұл туынды Қазақстанның сыртқа танылуына ықпал етіп, туристер ағынын арттырады.

"CCTV6 арнасы Еуропада, әлемде көрсетіледі. Олардың аудиториясы 850 млн. адамды құрайды. Бұл фильм шетелдіктерге Қазақстанның өмірін таныстырады. Осының арқасында айтты елімізге ағылатын туристер саны 2-3 есеге артады деп үміттенеміз", - деді Г.Жеңісбек.

Соңғы жаңалықтар