Қытай тарапы Қазақстанмен шикізаттық емес секторда ынтымақтастықты дамытуға мүдделі - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай әлемдік экономикадағы сын-қатерлерді еңсеру үшін күш-жігерлерін біріктіруі маңызды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлім етті.

«Соңғы жылдарда Қытай мен Қазақстан үздіксіз өзара тиімді ынтымақтастықты жүргізуде және осы қатынастар халық үшін жемісті нәтижелерді беріп отыр. Біздің экономикалар бірін-бірі өзара толықтырып келеді», - деп тоқталды Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері.

Ол әлемдік экономика мен саясатта қарқынды өзгерістер орын алып отырғандығын айта келе, әлемдік экономиканың қалпына келу үрдісі баяу жүріп жатқандығын атап өтті. Ли Кэцянның пайымынша, бұл тұрғыда Қазақстан мен Қытай әлемдік экономикадағы сын-қатерлерге қарсы тұруы үшін және жаңа жағдайларға бейімделуі үшін күш-жігерлерін біріктіру маңызды болып табылады.

Осы орайда Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері екі елдің ынтымақтастығының басымдықты бағыттарына тоқталды.

«Яғни, шикізаттық емес секторда, өзара инвестиция, машина құрылысы, ауыл шаруашылығы, түрлі минералды-шикізаттық ресурстарды тереңдетіп қайта өңдеуде ынтымақтастық маңызды. Осындай ынтымақтастық екі елге де табысты болады. Осы арқылы біз әлемдік экономиканың теріс салдарын тиімді еңсеретін боламыз», - деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар