Қытай су тасқынына шұғыл әрекет ету режимін іске қосты

None
Фото: news.cn
БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА – ҚазАқпарат – ҚХР су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы мемлекеттік штабы су тасқынына байланысты 4-деңгейдегі жедел әрекет ету режимін іске қосты, өйткені елдің оңтүстік аймақтарында қатты нөсер жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтемемен.

Болжамға сәйкес, нөсер жауын Қытайдың бірнеше аймағында, соның ішінде Хайнань, Гуандун және Гуанси-Чжуан автономиялық аймағына жауады, ал кейбір аудандарда найзағай ойнап, қатты жел соғуы мүмкін.
Қытайдың метеорологиялық қызметтерінің хабарлауынша, Тибет автономиялық ауданы мен Юньнань провинциясының кейбір аудандарында Бенгал шығанағының үстіндегі «Мокко» циклонынан туындаған қатты жаңбыр жауады.
Ведомство аталған аймақтарға экстремалды ауа райының салдарын жоюға көмектесу үшін екі жұмыс тобын жіберді.
Сондай-ақ, билік қауіпті аймақтардағы адамдарды көшіру және құтқару жұмыстарына тартылған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдауға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайда су тасқынына қарсы әрекет етудің төрт деңгейлі жүйесі бар, онда қауіптің ең жоғары деңгейі - бірінші деңгей.


Соңғы жаңалықтар