Қытай Солтүстік Қазақстан облысындағы машина құрастыру саласын инвестициялауға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қытайлық компания Солтүстік Қазақстан облысындағы машина құрастыру саласына 65 миллиард теңге салуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкіміне сілтеме жасап.

Аталған келісім мен өзге де 19 құжатқа инвесторларды тарту бойынша өңірлік кеңестің отырысында қол қойылды.

«Ең ірі жоба ретінде машина құрастыру кластерінің құрылысын айтуға болады. Оған қытайлық компания (Shi Yan De Rui Gong Mao Co. Ltd.) 65 миллиард теңге инвестициялауға дайын», - деп хабарлады облыс әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкім келтірген деректерге сәйкес, 2017 жылдың алғашқы 7 айында өңір экономикасына 78 млрд теңге инвестиция тартылған.

Қолданыстағы машина жасау кәсіпорына келсек, олардың тапсырыс портфелі 1,7 есеге артып, 32,5 млрд теңгені құраған. Келісімдердің басым бөлігі мұнай-газ және темір жол кешендеріне тиесілі. Мәселен, биыл «ПЗТМ» АҚ Ресейге мұнай-газ саласына арналған 8 дана АПРС-40 машинасын шығарды, оның жалпы құны 300 миллион теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар