USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қытай СІМ: Қазақстанды Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтаймыз

2021 жылғы 11 қаңтар 21:15
Бөлісіңіз:
Қытай СІМ: Қазақстанды Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтаймыз

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстанда 10 қаңтар күні Парламенттің төменгі палатасы депутаттарының сайлауы сәтті өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайда жол апатынан сегіз адам қаза тапты Парламент Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымшылық заңын қабылдады Қазақстанда қандай қалдықтарды көмуге тыйым салынған

Осыған байланысты Қытай тарапы Қазақстанды құттықтайды және әдеттегідей екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Дүйсенбі күні ҚХР СІМ өкілі Чжао Лицзян осындай мәлімдеме жасады.

«10 қаңтар күні Парламенттің төменгі палата депутаттарының сайлауы сәтті өтті. Қытай Қазақстанды құттықтайды»,-деді ҚХР СІМ-нің өкілі.

«Қазақстан ұлттық даму мен құрылыс саласында биік межелерді бағындыратынына сенімдіміз»,-деп қосты дипломат.

Чжао Лицзянның сөзінше, Қазақстан мен Қытай тату көрші, түрлі салалар бойынша стратегиялық әріптес.

«Қытай Қазақстанмен бірлесіп, екіжақты қарым-қатынастарды үздіксіз дамыту ісіне үлес қосуға дайын»,-деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT