Қытай шығысындағы кәсіпорында болған өртте 18 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Шаньдунь провинциясында орналасқан сәбізді қайта өңдеу кәсіпорнында болған өрт салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, 13 адам жарақаттар алды, тағы төртеуі із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Оқиға дүйсенбіге қараған түні Шоугуан қаласында орын алды, деп нақтылады Қытай Орталық телеарнасынан. Өрт басталған кезде кәсіпорында 140 адам болды.

Қазіргі уақытта тілсіз жау жойылды. Зардап шеккендердің саны әлі де анықталуда.

Өрт фактісі бойынша тергеу ісі басталды.

Соңғы жаңалықтар