Қытай шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салмақ

None
None
БЕЙЖІҢ-ТОКИО-СЕУЛ. ҚазАқпарат – 28 наурыздан бастап Қытай шетелдіктерге елге кіруге тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытайлық тарап тұруға ықтиярхат және визасы бар шетелдік азаматтар үшін елге кіруге уақытша тыйым салу шешімін қабылдады. Аталған шара 2020 жылдың 28 наурызынан енгізілуде», - делінген ҚХР мемлекеттік көші қон басқармасының хабарламасында.

Қытайда коронавирус індетінің таралуына жол бермеу аясында халықаралық жолаушылар рейстерінің ұшып-қону санын азайту шешімі қабылданды.

2020 жылғы 29 наурызда сағат 00:00-ден бастап әрбір қытайлық және шетелдік әуе компаниясы Қытайға немесе Қытайдан аптасына бір рейс қана ұшыра алады

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирустан бес адам қайтыс болып, індет жұқтырғандар саны 55 адамға өскен, тағы 537 адам аурудан жазылып шықты.

ҚХР денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлағандай, 55 жаңа оқиғаның ішінде 54-і сырттан келген және біреуі ғана Қытай ішінде (Шығыс Қытай, Чжэцян провинциясы) жұқтырылған.

Ведомствоның мәліметінше, құрлықтық Қытайда індетке шалдыққан адамдардың жалпы саны 81,3 мың адам, соның ішінде 74,5 мың адам жазылып, 3292 адам қайтыс болды.

Жапония коронавирусқа қарсы күрес бойынша шаралар қолдану аясында Еуропаның 21 елі мен Ираннан келетін шетелдік туристердің елге кіруіне тыйым салды.


Оңтүстік Кореяда коронавирусқа шалдыққан адамдар саны 9332-ге жетті, өткен тәулік бойынша 91 жаңа оқиға тіркелген (соның ішінде 34-і Тэгу қаласында) деп хабарлайды оңтүстіккореялық Ауруларды қадағалау және алдын алу орталығынан.

Жалпы алғанда 4,5 мың адам ауруханадан емделіп шықты, індетке шалдыққан 4,6 мыңнан астам адам медициналық мекемелерде жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде індетке шалдыққан 534506 адам (+59419 соңғы тәулікте) тіркелген, вирустан 24187 (+2787) адам қайтыс болып, 119951 (+9293) жазылып шықты.


Соңғы жаңалықтар