Қытай шекарасынан 51 тонна автокөлік бөлшектерін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытай шекарасынан 51 тонна жүкті заңсыз өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
«Шекара қызметі «Алтынкөл» өткізу пунктінде жалпы салмағы 51 тонна 826 кг құрайтын декларацияланбаған жүкті (автомобильдің қосалқы бөлшектері) өткізу әрекетінің жолын кесті. Материалдар мен ұсталған жүк құзыреті бойынша тергеу үшін Жетісу облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді», - делінген комитеттің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар