Қытай сарапшылары ҚР Президентінің ШЫҰ аясындағы бастамаларын жоғары бағалады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай сарапшылары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Циндаода өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммитіндегі бастамаларын жоғары бағалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қытайдың жетекші «ақыл-ой» орталықтарының бірі саналатын Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастары академиясының ғылыми қызметкері Сюй Тао Нұрсұлтан Назарбаевтың Бейжің-Астана-Мәскеу-Берлин бағыты бойынша Еуразиялық жоғарыжылдамықты теміржол магистралін салу жөніндегі ұсынысына назар аударған.

«Қазақстан Президенті ұсынған мегажобаның маңызы өте зор. Өйткені ол сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыта отырып, ШЫҰ-на мүше мемлекеттерінің Еуропа елдерімен тиімді қарым-қатынастарын қалыптастыруға қажетті жағдай жасайды»,-деді сарапшы.

Ол сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының ұлттық валюталарымен есептесуге көшу қажеттігі жөнінегі бастамасының маңызы зор екеніне тоқталды.

«Мұндай тәжірибе сыртқы факторлардың салдарынан пайда болатын қаржылық тәуекелдерді азайтады»,-деді Сюй Тао.

Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты директорының орынбасары Сунь Лидің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың Циндаодағы ШЫҰ саммитінде көтерген бастамалары мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен өткізген келіссөздердің қорытындылары Қазақстан басшысының көрегенді көшбасшы екендігін көрсетті.

«Н.Назарбаев экономиканы цифрландыру мен жаңғыртуға көп көңіл бөліп отыр. Қазақстан басшысы аталған мәселеге мемлекеттің ішкі жағдайында да, нақтырақ айтқанда өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында да және халықаралық деңгейде де басымдық беріп отыр. Мен ҚР Президентінің ШЫҰ саммитінде цифрландыру мен жаңа технологиялар саласы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында алаң қалыптастыру жөніндегі бастамалары туралы айтып отырмын. Бұл расында да жаһандық экономиканың трендтерінің бірі және онсыз қазіргі заманда қарқынды қадам жасау мүмкін емес»,-деді ол.

Сарапшы экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, электронды сауда сияқты мәселелердің Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеге кіргізілгендігін айтты.

«Қазақстан Президенті Қазақстан мен өзге елдерге ауқымды инфрақұрылымдық құрылыстың келуіне ықпал ететін мүмкіндік пен мультипликативті экономикалық қарқынды бірінші болып байқаған азаматтардың бірі. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасының «Бір белдеу -бір жол» бастамасын бірінші болып қолдады және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынып, осы бағытта ынтымақтастықта табанды жұмыс істеп келеді.

Мысалы Циндаода өткен ШЫҰ саммитінде Нұрсұлтан Назарбаев Бейжің-Астана-Мәскеу-Берлин бағыты бойынша Еуразиялық жоғарыжылдамықты теміржол магистралін салу жобасын салуды ұсынды»,-деді Сунь Ли.

Соңғы жаңалықтар