Қытай Парламентінің спикері: Нұрсұлтан Назарбаев-– халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық деңгейдегі жоғары беделін және оның еліміздегі тарихи рөлі туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конференция қатысушыларына сөз арнаған Ли Чжаньшу Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру, оның саяси жүйесін жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбегіне тоқталды.

«Тұңғыш Президент Назарбаев - халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер болумен қатар, қытай халқының тілеулес досы ретінде ұзақ уақыттан бері қытайлық-қазақстандық тату көршілік және достық ынтымақтастықты нығайтып, Қытайда жоғары беделге ие болып келеді» - деді Қытай Парламентінің cпикері.

Ли Чжаньшу қос ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, оның екі ел халқына да тиімді екеніне тоқталды.

Сонымен қатар, Тұрақты комитеттің төрағасы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты дамыту мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар