Қытай орбитаға үш спутник ұшырды

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бортында үш спутнигі бар «Чанчжэн-2D» тасымалдаушы зымыраны Қытайдың Ганьсу провинциясындағы «Цзюцюань» ғарыш айлағынан ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай ғарыш ғылымы және техникасы корпорациясының (CASC) хабарлауынша, зымыран сәрсенбі күні, яғни бүгін жергілікті уақытпен 15.19-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 13.19) ұшырылды. Құрамында «Гаофэнь-9» Жерді қашықтан зондтау спутнигі (ЖҚЗ) бар үш спутник те орбитаға сәтті шығарылды.

«Гаофэнь-9» ЖҚЗ спутнигі Жердің беткі қабатын бақылау, қаланы жоспарлау, ауылшаруашылығы қажеттілігін анықтау, табиғи апаттарды болжау үшін пайдаланылады. Оған қоса спутник «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен ұлттық қауіпсіздікті жаңарту сынды ірі ұлттық жобаларды жүзеге асыру үшін ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады.

«Хэдэ-5» спутнигін China Head Aerospace Technology Бейжің компаниясы жасап шығарды. Ол кеме ісі мен навигация қажеттіліктері үшін қолданылады.

Үшінші «Писин-3А» спутнигін бақылау жауап бергіші және спутниктің электрондық жүйелері сияқты спутниктік технологияларды зерттеу үшін әзірледі.


Соңғы жаңалықтар