Қытай орбитаға екі қашықтан зондылау спутнигін шығарды

None
Фото: Xinhua
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың орбитаға екі Tianhui-6 қашықтан зондылау спутнигін шығаруы сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, спутниктер Қытайдың солтүстігіндегі Тайюань ғарыш айлағынан жұма таңертең «Чанчжэн-4С» зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылған. Ол осы сериядағы 465-ші зымыран-тасығыш.

Tianhui-6 спутниктері географиялық ақпаратты картографиялау, табиғат ресурстарын санау мен ғылыми тәжірибелер жүргізуге пайдаланылады.
Биылғы 2023 жыл Қытай ғарыш саласы үшін жемісті жыл болмақ. Ғарышқа ұшқан спутниктер саны бойынша Қытай көшбасшылығы қалыпты жағдайға айналды. Қытай аэроғарыш ғылымы және технологиясы корпорациясы биыл ғарышқа 200 ғарыш аппаратын жіберу үшін 70-ке жуық ұшыру ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сол арқылы ұлттық космонавтика тарихындағы рекордын жаңартады.
Соңғы жаңалықтар