Қытай орбита стансасына екінші зертханалық модулін ұшырды

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай ұлттық орбита стансасында «Мэнтянь» зертханалық модулін іске қосты. Трансляцияны Қытайдың орталық теледидары жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті уақыт бойынша шамамен 15:37-де Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан Long March-5B зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

Ғарыш станциясымен түйіскеннен кейін модуль микрогравитация, сұйықтық физикасы, материалтану және т.б. эксперименттер жүргізу үшін пайдаланылады.

«Вэньтянь» деп аталатын алдыңғы зертханалық модуль үш айдан астам уақыт жұмыс істеп тұр.

Қытай өз ғарыш стансасының құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.




Фото: cctv.com





Соңғы жаңалықтар