Қытай нарығынан шетелдік инвестиция 6 ай қатарынан кетіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Халықаралық қаржы институты (IIF) Қытайдан шетелдік капиталдың қатарынан алтыншы ай кетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Breitbart агенттігіне сілтеме жасап.

Шілдедегі жағдай бойынша, жалпы сомасы 20 трлн құрайтын облигациялар нарығынан 3 млрд доллар шығарылды. IIF халықаралық сауда тобы шетелдік инвесторлар төрт айда алғаш рет Қытай акцияларын түсіргенін, бұл қор нарығынан бір млрд доллардан астам таза ағынға әкелгенін атап өтті.

IIF сарапшылары бұл компанияның Қытай нарығын 2005 жылы бақылай бастағаннан бері елдің шетелдік капиталы үшін ең ұзақ шығын болғанын айтуда.

Сарапшылар шетелдік капиталдың кетуіне ықпал еткен факторлар ретінде екінші тоқсанда Қытай экономикасының өсу қарқыны 0,4 пайызға баяулауымен және шетелдік бизнесті Қытай қалаларынан алшақтатқан коронавирусқа байланысты қатаң карантиндік шаралармен байланыстырған.

Жалпы Қытай ірі инвесторлар үшін тартымды нарық болып қала береді, бірақ оқшаулау қаупі мен Батыстың ықтимал санкцияларынан туындайтын тәуекелді қабылдаудың өсуі оны қаржылық табыстан қағып отыр.



Фото: fcpamericas.com





Соңғы жаңалықтар